Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бангкокқа ұшуы тиіс Air Astana ұшағында екі ер адам бір жолаушыны соққыға жыққан. Кейін олар Алматыдағы тергеу изоляторында 4 ай отырып, оның үстіне қомақты айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға өткен жылдың 13 желтоқсанында болған. Бірнеше ер адам төбелес шығарып, басқа жолаушылар оларды рейстен түсіруді талап еткен. Осылайша рейс кейінге шегеріліп, тәртіп бұзған азаматтарды полицияға тапсыру үшін алып кеткен.
Михаил Козачковтың жазуынша, жанжалды Қырғызстан азаматтары – 41 жастағы Вадим Кан мен 33 жастағы Мирлан Камчыбеков шығарған. Олар Грузия азаматы Георгий Чконияға шабуыл жасаған.
Олар Канның күртешесіне байланысты сөзге келіп қалған. Оның нұсқасы бойынша киімді орындықтың басына қойған кезде Георгийдің аяғы тиіп кеткен. Чконияның сөзінше, ол жейдені байқамай қалған. Ашуға булыққан жігіттер орындарынан тұрып, жолаушыға бірнеше рет соққы жасаған. Бортта болған басқа адамдар оларды ажыратып үлгерген.
Тергеу барысында Вадим Кан мен Мирлан Камчыбековтың ұшаққа отырар алдында бір бөтелке виски ішкені және рейске отырғаннан кейін бірден агрессивті әрекет еткені анықталған. Жанжал кейін туындаған. Олардың әрқайсысы Қазақстан қазынасына шамамен 6 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді. Екеуі де изолятордан босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.