Таиланд астанасы Бангкокта Thailand Open халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Отандық спортшылар 12 медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 5 қола еншіледі. Атап айтар болсақ:

ЕРЛЕР

1-орын: 70 келі. Төрехан Сабырхан

1-орын: 80 келі. Диас Молжігітов

3-орын: 50 келі. Нұрзат Оңғаров

3-орын: 55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек

3-орын: 65 келі. Дулат Бекбауов

3-орын: 85 келі. Бекзат Таңатар

3-орын: 90 келі. Данияр Рахымбердиев

ӘЙЕЛДЕР

1-орын: 60 келі. Виктория Графеева

1-орын: 70 келі. Наталья Богданова

1-орын: +80 келі. Елдана Талипова

2-орын: 75 келі. Надежда Рябец

2-орын: 80 келі. Гүлсая Ержан