Соңғы бір жылда аптақ ыстық әдеттегіден 30 күнге артық созылды. Яғни жер беті қызып барады. Климаттық зерттеу орталығы мен Қызыл Крест және Әлемдік ауа райының әсерін бағалау бойынша ұйымдарының баяндамасы осыған саяды.
Ғалымдардың дерегі бойынша, күннің ысуы 4 млрд адамға, яғни жаһан халқының жартысын әбігерге салды. Ахуал әсіресе Кариб аралдарында қиын. Мәселен, Пуэрто-Рикода шіліңгір ыстық әдетте 48-50 күнмен шектелетін. Соңғы бір жылда күннің ысуы 161 күнге жалғасқан. Жаһан дереу күш біріктірмесе, қауіп күшейе береді. «Сондықтан көмір мен мұнай және газдан біртіндеп бас тарту қажет», – дейді ғалымдар.