Мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктік актив – тарихи жәдігерлер Ұлттық музейдің қорына тапсырылды, деп хабарлайды 24kz.

Сарапшылар бұл зергерлік бұйымдардың темір дәуірінің ерте кезеңі мен орта ғасырға тән екенін растады. Бүркіттің басы бейнеленген металл бұйым, араб жазуы бар, аңдар бейнеленген жүзіктер, көне мүсіндер мен тиындар сақтардың аң стилі мәнерінде шекіме, бедерлеу, «гравировка» әдістерімен жасалған.

«Ол дала мәдениетінің стилистикалық ерекшеліктерін айқын аңғартады», — дейді мамандар. Жақында Ұлттық музей келушілері артефактіні көрме залынан тамашалай алады. Ежелгі тарихтан сыр шертетін құнды экспонаттың ел игілігіне қайтарылуы – Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің үйлесімді жұмысының нәтижесі.