Саудаға зергерлік бұйымдар, сувенирлік монеталар және сағаттар қойылады.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 2025 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында E-Qazyna платформасында қайталама электронды сауда өткізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Барлық лоттардың жалпы бастапқы құны 548 миллион теңгеден асады.
Ең қымбат лоттардың бірі – 2018 жылы шыққан, бетінде кенгуру бейнеленген Elizabeth II инвестициялық алтын монетасы. Номиналы 200 долларды құрайтын бұл монета 3,2 миллион теңгеге бағаланған.
Сауда толығымен онлайн өтеді. Қатысушылар әлемнің кез келген нүктесінен тіркеліп, кепілдік жарна енгізіп, белгіленген мерзімде өтінім бере алады.
Ұйымдастырушылар ашықтық пен лоттардың сипаттамалары мен бағасына толық қолжетімділікке кепілдік беріп отыр.