2025 жылдың басынан бері 4,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан аса этникалық қазақ оралды.
Қай елдерден келді?
Жыл басынан Қазақстанға қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 40,9%-ы Өзбекстаннан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 3%-ы Монғолиядан, 2,3%-ы Ресейден және 2,6-ы басқа елдерден келген.
Еңбекке қабілеттілер саны
"1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,7%, еңбекке қабілетті жастан кішілер саны 31,9% және зейнеткерлер саны 8,4% болады", — деп жазылған хабарламада.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,4%-ы жоғары білімді, 26,8%-ы орта кәсіби білімді, 53,6%-ы жалпы орта білімді және 2,2%-ының білімі жоқ.
Қай өңірлерге қоныстанып жатыр?
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған. Қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек күші тапшы өңірлер анықталған: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!