Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода ( Жапония ) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетуде. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиаджи жұбымен кездесті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды — 6:1, 6:3.
Айта кетейік, Анна Данилина/Александра Крунич ширек финалда Николь Меликар (АҚШ) / Сюй Ифань (Қытай) жұбымен кездеседі.