Отырыста құжатта жазылған міндеттерді іске асыру барысы талқыланды.
Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауын жариялады. Жолдауда елімізді әлеуметтік-экономикалық, цифрлық дамытудың басым бағыттарын белгілеп, бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өңірлерге қомақты жеке инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беру, көлікөлогистиканы дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инрақұрылымын жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу және тағы басқалары бар.
"Президент тапсырмасына сәйкес, инвестицияның негізгі бөлігі шикізат саласына емес, өңдеу өнеркәсібіне, шағын және орта бизнеске, жоғары технологиялық жобаларға бағытталуы қажет. Облыста инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Былтыр инвестициялар көлемі 749,9 млрд теңгеге жетіп, оның 72,6%-ын немесе 571,5 млрд теңгесін жеке инвестициялар құрады. Алдағы 5 жылда 2,2 трлн теңгеге 73 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондықтан біздің облыс әлі де инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және инновациялық жобаларды қолдауға дайын. Жаңа технологияны, соның ішінде жасанды интеллектті енгізу еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Жолдауда Үкімет пен жергілікті атқарушы құрылымдар жұмысының басты бағыттарын айқындап, алдымызға жаңа міндеттер қойды. Жүктелген міндеттерді орындау – бәрімізге ортақ іс, – деді өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы.
"Технологиялар және жасанды интеллект" пәні енгізілген. Студенттері AI-Sana бағдарламасы аясында бес ЖИ-агент әзірлеуде. Университетте жасанды интеллектке қосылған FACE ID цифрлық жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе нақты уақыт режімінде мониторинг жүргізуге, қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім алушылардың, оқытушылардың және қызметкерлердің оқу мен қызметке бару тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық трансформацияға бағытталған бұл іс-шаралар мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асырудағы университеттің алғашқы қадамдарын айқындайды", – деді ректор.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиев цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Қамашевқа университеттермен бірлесіп, оқу орындарында осы цифрлық жүйені қолданысқа енгізу жолын қарастыруды тапсырды.
Кеңес отырысында сондай-ақ облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Эльмира Өтешова, "АгроСервис – Батыс" ЖШС директоры Армат Бисенов, "Қазсушар" РМК БҚО филиалының директоры Рауан Құсайынов сөз сөйледі.
Өңір басшысы Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бойынша орынбасарларына, басқармалар мен құзырлы мекемелер басшыларына тапсырмалар берді. Мәселен, облыс экономикасының басым салаларына шетелдік тікелей инвестициялар тарту керек. Индустриялық аймақтың қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, түйінді мәселелерді шешу жолдары ұсынылуы тиіс. Елді мекендерді, оның ішінде шекара маңындағы аутокөлік өткізу пункттерін дауыстық байланыс және мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін байланыс операторларына антенна-діңгек құрылғысын салуға кезең-кезеңімен қаражат бөлінуі қажет.
Облыс бойынша 2025-2027 жылдарға арналған агорөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасы аясында жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізіліп, оларды кешенді қолдау шаралары қабылданбақ.
Дереккөз: "Жайық Пресс" ақпарат агенттігі