Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Алтын доп" туралы ойын айтты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Португалиялық жұлдыз футболдағы ең беделді марапаттың әділдігіне күмән келтірді.
Оған "Биыл "Алтын допты" кім алады?" деген сұрақ қойылды.
"Менің ойымша, бұл – "жалған" марапат", – деді Роналду.
Айта кетейік, бұл – Роналдудың "Алтын доп" сыйлығына қатысты алғашқы сыны емес. Бұған дейін ол Бразилия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниордың бұл марапатқа лайық болғанын, бірақ алмай қалғанын ашық айтқан.
Криштиану Роналду – "Алтын доптың" бес дүркін иегері (2008, 2013, 2014, 2016, 2017).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!