Бельгия мен Иорданияның әскери-әуе күштері Газа секторына алғашқы гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды 24kz.

Бельгия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, азық-түлік көлемі – 15 тонна. Оның ішінде макарон, күріш, консерві және құрғақ сүт бар. БҰҰ әуе арқылы тасталған азық-түлік әлі де жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Израиль халықаралық қысымға жауап ретінде өткен аптада гуманитарлық көмекті арттыру шараларын жариялады. Айта кетейік, соңғы тәулікте Газа секторында аштық пен тамақ жетіспеушілігінен алты адам көз жұмды.