Израиль ХАМАС-пен арадағы атысты тоқтату келісімін бұзды.

Биньямин Нетаньяху палестиналықтарға соққы жасауға бұйрық берді. Салдарынан Газа секторында 18 адам қаза тапты. ЦАХАЛ бұл әрекетін израиль сарбаздарына жасалған қастандыққа жауап деп түсіндірді. Сондай-ақ ХАМАС-ты бітім орнату келісімін бұзды деп айыптап отыр. Өйткені күні кеше палестиналық ұйым тұтқындардың сүйегін қайтарудың орнына израиль сарбаздары екі жыл бұрын алып кеткен мәйіттің бөлігін тапсырған көрінеді. Ал АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс екі тараптың да мәмілені бұзғанына қарамастан, оқ атуды тоқтату режимі сақталып отыр деп хабарлады.