Бүгінде инклюзия сыныптары бар мектептер қолайлы, әрі қауіпсіз орта үлгісіне айналды. Бұл жобаның жүзеге асуы балалардың қабілеттерін дамытуға және қоғамда әлеуметтенуіне көмектесетін қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды қадам. Инклюзивті білім берудің оң шешім екенін жоғарғы сынып оқушыларынан байқауға болады. Тарыдай болып кіріп, таудан болып шыққан балалардың көбі ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтап, мықты нәтижеге қол жеткізіп жатыр. Солардың бірі — 207 мектеп-лицейдің 9-шы сынып оқушысы Зухра Хамзина.