Қазақстанда 10 044 673 ер адам бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жас ерекшелігі бойынша:
Қазақстанда ерлердің орташа жасы — 31,1 жас.
- 0-15 жастағылардың үлесі — 30,2 пайыз;
- 16-60 жастағылардың үлесі — 56,5 пайыз;
- 61 жас және одан асқандардың үлесі — 13,3 пайыз.
Қай өңірде ер адамдар көп?
- Алматы қаласында 1,1 млн ер адам бар;
- Түркістан облысында 1,1 млн ер адам бар;
- Алматы облысында 806,5 мың ер адам бар;
- Астана қаласында 785,4 мың ер адам бар.
Қай салаларда ер адамдар көп?
2025 жылы жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі — 51,6 пайыз немесе 4,8 млн ер адам. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес — 50,6 пайыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес — 55,1 пайыз.
- Өнеркәсіпте 16,5 пайыз;
- Көтерме саудада 14 пайыз;
- Ауыл шаруашылығында 12,4 пайыз;
- Көлік және қойма саласында 11,1 пайыз;
- Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі — 54,7 пайыз.
Айта кетейік, Қазақстанда биылғы бес айдағы ең танымал ерлер есімі — Алан (817 адам). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед, Рамазан есімдері жиі кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!