Қалада тағы 4 адам із-түзсіз жоғалып кеткен .

Вьетнамның орталық аймақтарында толассыз жауған нөсер жаңбырдан болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті биліктің мәліметінше, портты Дананг қаласында су тасқыны салдарынан 6 адам көз жұмып, 19 адам жарақат алған. Мыңдаған үй мен ауыл шаруашылығы алқаптары, сондай-ақ үй жануарлары табиғи апаттан зардап шекті.

Хюэ қаласында су тасқыны салдарынан бір адам қаза тауып, бес жасар қыз бала із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр.

Куангнгай провинциясында 120-дан астам көшкін тіркеліп, олардың салдарынан кемінде 3 адам қаза тапты.

Су тасқыны мен көшкін бірнеше автожолдың жабылуына себеп болды, ондаған адам көлігінің ішінде қалып қойған.

Вьетнамның метеорологиялық басқармасының мәліметінше, Хюэ қаласында соңғы 24 сағат ішінде жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жеткен.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ежелгі Хойан қаласында су деңгейі күрт көтеріліп, туристерді қайықпен эвакуациялауға тура келген.

Сонымен қатар қатты жауған жаңбыр салдарынан астана Ханой мен Хошимин қаласы арасындағы теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Бұл мыңдаған жолаушының жол жүру жоспарына кері әсерін тигізді.