«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге – 3, 4 және 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана

3 қарашада – бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°С, күндіз +2…+4°С.

4 қарашада – ауыспалы бұлт, кей уақытта қар, боран және көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде -8…-10°С, күндіз -6…-8°С.

5 қарашада – ауыспалы бұлт, түнде қар жауады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с. Температура түнде -11…-13°С, күндіз -7…-9°С.

Алматы

3 қарашада – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +15…+17°С.

4 қарашада – бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 12 м/с. Температура түнде +3…+5°С, күндіз +5…+7°С.

5 қарашада – ауыспалы бұлт, кейде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Температура түнде және күндіз 0…+2°С.

Шымкент

3 қарашада – ауыспалы бұлт, күн соңында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +4…+6°С, күндіз +13…+15°С.

4 қарашада – ауыспалы бұлт, жауын-шашын, кей уақытта қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +3…+5°С, күндіз +5…+7°С.

5 қарашада – ауыспалы бұлт, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде -1…-3°С, күндіз +3…+5°С.