Шемішке шағу соқырішек қаупін арттыра ма? Бұл сауалға гастроэнтеролог Юлия Сластен жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юлия Сластен "көп мөлшерде шемішке шақса, соқырішек пайда болады" деген пікірді миф деп атады.

Маманның айтуынша, күнбағыс дәндері өте кішкентай және ішекке жетпей қорытылады. Дегенмен ол бір уақытта тым көп шемішке шақпауға кеңес берді. Себебі бұл ісінуге, жүрек айнуға, іш қатуға себеп болуы мүмкін.

Гастроэнтеролог шемішке емес, іш қату соқырішектің дамуына әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін соқырішекті уақытында анықтауға көмектесетін 6 кеңес айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget