Тәтті, майлы, ащы тағамға, сондай-ақ , сүт өнімдеріне құмарлық денсаулықта қандай да бір мәселе барын көрсетуі мүмкін. Бұл туралы дәрігер, кардиолог Татьяна Симонова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Маман тәттіге деген құштарлық қандағы қанттың тұрақсыз деңгейінен, сондай-ақ, күйзелістен пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, ащы тағамдарды жеуге деген құмарлық диареядан туындаған дегидратациядан, сондай-ақ, белсенді физикалық жаттығулардан кейін пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол кейде бүйрек үсті безі ауруларынан да болуы мүмкін.

"Тәбет ағзаның қарым-қатынас тілі ретінде қызмет етеді, кейде белгілі бір тағамға деген құштарлық жай ғана қалау емес, маңызды заттардың жетіспеуін көрсетуі мүмкін", — деді дәрігер.

Терапевт майлы және қуырылған тағамдарға құмарлықты майда еритін A, D, E немесе K витаминдері жетіспеушілігімен немесе өттегі тастың дамуымен байланыстырды. Дәрігер кальций немесе триптофан жетіспесе, адам сүт өнімдерін жегісі, ішкісі келетінін айтты. Ал сүтке деген құштарлық асқазанның қышқылдығы жоғарылағанда пайда болады екен.

Терапевт анда-санда белгілі бір тағамды жегісі келу қалыпты жағдай екенін жеткізді, бірақ сол тамақты аптасына үш-төрт рет жегіңіз келсе, бұл белгі болуы мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget