Ыстамбұл соты қаланың экс-мэрі, оппозиция өкілі Экрем Имамоғлына қатысты үкім шығарды.
Сот шешімі бойынша саясаткер прокурорды қорлады деген іс бойынша 1,8 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске салсақ, Имамоғлы наурыздың соңында тұтқындалды. Оның қамауға алынуына байланысты Түркияның ірі қалаларында жаппай шерулер мен наразылықтар басталды. Сот отырысы Ыстамбұлдағы Силиври түрмесінде өтті. Онда Имамоғлы наурыздан бері сыбайлас-жемқорлық және экстремизмге барды деген айыптармен қамауда отырды. Ал осы айдың бас кезінде Түркияда тағы 3 қаланың: Анталья, Адана және Адыяман мэрлері сыбайлас-жемқорлыққа байланысты ұсталды. Олардың бәрі оппозициялық Республикалық халық партиясының мүшесі.