Энергетика министрлігі жаңартылған энергия көздерін дамыту жұмысын жалғастыруда. Елімізде 156 жаңартылатын энергия объектісі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ОКҚ алаңында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, 2024 жылы жаңартылған энергия көздері объектілерінің жалпы электр энергиясын өндіру көлемі 7,5 млрд кВт·сағ болды. Бұл жалпы барлық өндірілген жаңартылған энергия көздерінің 6,4%. Өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 12-13%-ға ұлғайды.

Былтыр 8 жоба іске қосылса, биыл жалпы қуаты 455 МВт құрайтын 9 жоба жүзеге асырылады. 2030 жылға дейін жаңартылған энергия нысандарының жалпы энергия өндіру мөлшерін 15%-ға жеткізу көзделген, — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.