Былтыр елімізде 59 млрд текше метр газ өндірілсе, биыл өндіріс көлемі 63 млрд текше метрге жуықтауы тиіс.
Энергетика министрлігінің дерегіне сүйенсек, биыл 29 млрд текше метр тауарлық газ өндіріледі. Сондай-ақ 1,7 млн тонна сұйытылған мұнай газын өндіру жоспарланған.
 
                         
                                 
                                            