19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл жағдай Қазақстандағы шикізат өндіру көлеміне әсер еткенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір өндіруде уақытша шектеулер байқалады.

"Қазір шектеу көлемі 8,5-9 мың тонна көмірсутек шамасында. Үш күн ішінде бұл шектеулер жойылады деп үміттенеміз", — деді ол.

Сондай-ақ, шенеунік Энергетика министрлігінің міндетіне Украина тарапымен келіссөз жүргізу кірмейтінін айтты. Бірақ ол "сыртқы саясатты жүргізетін тиісті ведомстволар бұл мәселемен айналысады" деп санайды.

Еске салайық, бұған дейін Ресей зауыты қазақстандық газды қабылдауды тоқтатқаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget