Елімізде бір жылда 5 мың педагог инклюзия бағытында арнайы дайындықтан өтті. Тек Астанада 300-ден астам студент дамуында ерекшелігі бар жандармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген. Бүгін бір топ түлекке диплом табысталды . Олар педагогика, шет тілі және дене шынықтыру мамандықтарын игерген. Енді ерекше жандарға арналған мектеп, спорт орталықтарында жұмыс істемек.

Медеу Әбен, түлек:

Өзім волейболды отырып ойнаудан жаттықтырушымын. Оқу барысы өте ұнады. Бізде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар қатысады.

Жанел Нұрболат