Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ақтық сынына жолдама алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Камила Берліқаш 78 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында отандасы Аида Тойшыбекованы жеңді. Осылайша ақтық сында ресейлік Элис Старцевамен күреседі. Ал Аида Тойшыбекова қола жүлде үшін өтетін бәсекеде италиялық Тизиана Маринимен белдеседі.

Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамуров жартылай финалда нидерландтық Михаэль Коррелді жеңді. Оның ақтық сындағы қарсыласы молдовалық Вадим Гимбовски болмақ.

Ал Айдар Арапов 90 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде франциялық Алекса Митровичтен басым түсті. Енді ол нидерландтық Франк де Витпен қола жүлдені өзара сарапқа салады.

Сонымен қатар Екатерина Токарева 78 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде литвалық Мигле Юлия Дуденайтені жеңді. Осылайша ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде франциялық Лиз Нгелебеямен күш сынасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget