АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 2026 жылы Майами қаласында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне шақырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Трамптың айтуынша, телефон арқылы болған әңгіме барысында тараптар әлемде жалғасып жатқан қақтығыстарды реттеудің маңызын, елдер арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған. Ақ үй басшысы сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасын жоғары бағалап, екі елдің көшбасшысын «G20» саммитіне арнайы қонақ ретінде көргісі келетінін жеткізді.