Қазақстан боксының ардагері Рафаэль Вахитов 98 жасқа қараған шағында дүниеден озды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

"Вахитов Рафаэль Гайсич дүниеден озуына байланысты отбасына және отандық бокс қауымдастығына көңіл айтамыз", — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Вахитов Рафаэль Гайсич — ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Павлодар облысының тумасы көптеген чемпионды, спорт шеберін тәрбиелеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget