Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру ұсынылды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген. Бүгін Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ЕТЖ мөлшерін көтеруді ұсынған.

"Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды", — деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — заңмен белгіленген ең аз еңбекақы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget