Жамбыл облысында өз қызына қорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта не анықталды?
2025 жылы 25 сәуірде сотталушы Ж. Қордай ауылындағы өзінің тұрғылықты мекен-жайында мас күйде жәбірленуші (2019 ж.т.) Р.-дың дәрменсіз күйін пайдаланып, әкесі бола тұра, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
Сотта жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмей, заң бойынша жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы Ж. кінәсін толық мойындаған.
Сот үкімі
Сот үкімімен ер адам ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!