Гонконгта кейінгі тәулікте 400 миллиметр мөлшерінде ылғал түсті, деп хабарлайды 24kz.

Жауын салдарынан қалада көлік қатынай алмай қалды. Көшелерді су басып, мектептер уақытша жабылды. Сондай-ақ халықаралық әуежайда 400-ге жуық рейс кейінге шегерілді. Сарапшылар: «Мұндай алапат жауын-шашын 140 жылдан кейін қайталанып отыр», - дейді.