Оңтүстік Кореяда жауын-шашын бір айдан бері толастар емес. Елдің батыс және солтүстік-батыс өңірін су басты. Тасқын салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 12 адам із-түссіз жоғалған .
Қауіпке байланысты, елде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апат аймақтарынан 13 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жолдарды су шайып, көлік қозғалысы тоқтады. Бірқатар нысанның қабырғасы сөгіліп, электр сымдары үзілді.