Вьетнамның Да Нанг қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның грек-рим күрес құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыс нәтижесі бойынша ұлттық құрама 177 ұпай жинап, Азияның үздік командасы атанды.
Жалпы командалық есеп:
- Қазақстан – 177 ұпай;
- Қырғызстан – 165 ұпай;
- Өзбекстан – 150 ұпай.
Қазақстандық балуандар 8 жүлде жеңіп алды: 4 алтын, 3 күміс, 1 қола.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!