Астананың мешіттерінің бірінде қымбат бренд күртеше ұрланған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында белгісіз адам мешітке келіп, дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімінің арасынан Moncler брендінің қара күртешесін ұрлап кеткені анықталған. Келтірілген материалдық шығын құны — 1 млн теңге.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget