Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.


Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 5 мамырда елдің солтүстігінде, 6–7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады, – делінген хабарламада.

Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі.

Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды.