Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Төрт томнан тұратын еңбектің Астанада тұсаукесері өтті. Кітапта Си Цзиньпиннің ел басқару философиясы, ішкі және сыртқы саясатқа көзқарасы, сондай-ақ Қытайдың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясы туралы жазылған. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, кітаптың жарық көруі — қытай тілін, мәдениеті мен қоғамдық құрылымын зерттеушілер үшін маңызды оқиға, деді.

Аида Балаева, Мәдениет және ақпарат министрі:

Бұл кітап – Қытай мемлекетінің саяси бағыт-бағдарын, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұстанымдарын, сондай-ақ ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырмандар үшін құнды дереккөз болмақ. Сонымен қатар, туынды – Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек.

Асылбек Данияр