Жасанды интеллект технологиясын Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне енгізу қажет.

Санкт-Петербургте өткен басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс жасады. Қазақ басшысы мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалау үшін пайдалануға болатынын тілге тиек етіп, келесі кездесуде бірлескен мәлімдеме қабылдауға шақырды. Сондай-ақ кедендегі кедергілерді азайту үшін мониторинг жасау және оған жасанды интеллекттіні қолдану қажеттігіне тоқталды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуді ұсынды. Биыл Моңғолиямен Еркін сауда аймағы туралы келісімге, Біріккен Араб Әмірліктерімен Экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бүгін Индонезиямен осындай мәміле жасалады. Біз мұны құптаймыз, — деді Президент.