Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылында үш қабатты, көппәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тосын оқиға 16 қарашада болған.
"Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 буыны жұмылдырылды. Құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды", — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар 15 газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алған.
"ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілді", — деді ТЖД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112kzalmatyobl_tjd)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!