Пәкістанның Лахор қаласын тұмшалаған қою түтіннен миллиондаған тұрғын зардап шегіп отыр. Ауа сапасы әлі де «қатерлі» деңгейде тұр. Көшеде саудамен айналысатын халық тамақтың тітіркенуі, көз бен мұрынның қышуы, жөтел және жалпы денсаулықтың нашарлауына шағымданып жатыр.
Жұрт отбасын асырау үшін бетперде тағып жұмысты жалғастыруға мәжбүрміз дейді. Жергілікті тұрғындар шаһар ауасын тазарту үшін қойылған қондырғылардың көмегі аз деп, үкіметтен шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.