Түркістан облысы Арыс қаласындағы ауруханада екі апта бойы ес-түссіз жатқан төрт жасар Әлирахман Сейітхан ауруханада қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Информбюро 31-ге сілтеме жасап.

Жалғыз ұлынан айырылған ата-ана қазаға дәрігерлерді кінәлайды. Тіпті, емдеу мекемесінде ауырып барған баламызға сол күйі диагноз қойылмады деп отыр.

"Бұл жақта аппарат жоқ. Сондықтан диагнозды анықтай алған жоқ. Прогнозбен тек вирусный энцефалит деді. Салғырттықтан 6 сағат уақыт жоғалттық. Дер кезінде алғашқы көмек көрсетілгенде қазір бұлай болмас еді", — деді марқұмның анасы Ұлжан Жүзей.

Еске салайық, Әлирахман Сейітхан 10 қазанда Арыстағы ауруханаға талмасы ұстап, түнде түскен еді. Алайда медбике кезекші дәрігерді оята алмай, балақай таңғы тоғызға дейін қараусыз жатты дейді қара жамылған отбасы. Екі апта бойы комада жатқан бүлдіршін есін сол күйі жимады.

Бұған дейін емдеу мекемесінің бас дәрігері қызметтік тексеру басталғанын айтқан еді. Полиция іс қозғаған. Бүгін ұлын соңғы сапарға шығарып салған жас отбасы кінәлілер жазасыз қалмау керек деп отыр

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget