Ақтөбелік дәрігердің жантүршігерлік өліміне қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Сот мәліметінше, сотталушы Ш. деализдік орталықта мейіргер болып, 1956 жылы туған дәрігер А.-ға көмектесіп жүрген. Оның ұялы телефонына банк қосымшаларын жүктеп, олардың құпия сөздерін орнатып беріп, есеп шотында қомақты ақша барын да көрген. Жәбірленуші А. көзін емдету үшін Астанаға баратын кезде сотталушы Ш.-ға өз пәтерінің жағдайын қарап қою үшін кілтін де беріп қойған.

"Сотталушы Ш. жәбірленуші А.-ны, оның жалғыз тұратынын біліп, пайдакүнемдік ниетпен өлтіру деген ой туындаған. Сөйтіп, ол пәтерде күтіп, маңызды органдарын балтамен бірнеше рет ұрып, өлтіріп, үйдегі тоңазытқышқа салып қойған", — деп жазылған сот мәліметінде.

Кейін Ш. алдын-ала сатып алған арнайы масканы тағып, жәбірленушінің есеп шоттарынан 5 268 000 теңге шешіп алған. Сонымен қатар, А.-ның жалпы құны 1 966 860 теңге тұратын ұялы телефонын, ноутбук пен планшетін ұрлап кеткен.

Сот үкімі

Сотталушы Ш. ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі, 8-тармағы, 188-бабы 3-бөлігі, 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget