Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды. Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан аса дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ.
"Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!