Жетісу облысында жыл басынан бері 338 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді.
Былтырмен салыстырғанда 34 пайызға көп. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асады. Киберқылмыспен күресті күшейту мақсатында полиция департаментінде былтыр «антифрод» орталығы ашылған еді. Орталық көмегімен 142 қылмыс ашылып , іс сотқа жолданды. Президенттің бүгінгі жолдауында айтылған «интелектуалды жүйе құру» тапсырмасы салаға тың серпін береді,- дейді құзырлы орган өкілдері.
Ернат Әбдірақымов, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:
- Қазіргі заманда жиі кездесетін алаяқтықтың түрі — интернет-алаяқтық. Оның алдын-алу бағытында Президент Жолдауында айтып өткендей, цифрлық даму өте қарқынды күш береді.