Абай облысында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі бала бүгін Астанадағы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды 24kz.

Дереу жансақтау бөліміне жатқызылған балалар екі апта бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Оларға күрделі операция жасалып, қажетті ем шаралары жүргізілгеннен кейін науқастардың беті бері қарады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 тамызда Үржар ауданы Бестерек ауылында жол апаты болып, үй ауласында ойнап жүрген алты баланы көлік қағып кеткен. Қайғылы оқиғада үш бүлдіршін көз жұмды. Тағы үшеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Жағдайы мүшкіл болған екі бала 21 тамызда санитарлық авиациямен Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген еді. Полиция 55 жастағы жүргізушіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.