1 қыркүйектен бастап Қазақстанда "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, оның мақсаты — қауіпсіздікті арттыру және жергілікті жердегі мәселелерді анықтау.

Тұрғын үйлерді аралау барысында полиция қызметкерлері мына жайттарға назар аударады:

  • сотталған немесе профилактикалық есепте тұрғандарға;
  • есепте тұрған отбасылардағы балалардың тұрмыс жағдайына;
  • қару сақтау ережелері сақталуына;
  • пәтер жалдаушылар мен уақытша тұрып жатқан адамдардың тіркеуіне;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық, маскүнемдік пен есірткіге тәуелділік деректеріне.

Еске салайық, бұған дейін WhatsApp-та өздерін полиция өкілдері деп таныстыратын адамдар үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат тарады. Алайда ІІМ бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget