Абай облысында жол апатынан зардап шеккен қыз бала санавиациямен Семейге жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қыз бала күрделі ота жасалғаннан кейін біраз уақыт Үржар аудандық ауруханасында емделген. Дәрігерлер оның жағдайын әуе арқылы тасымалдауға жарамды деп бағалап, қазір қыз бала Семей медицина университетінің госпиталінде ем қабылдап жатыр.
Бұған дейін жарақат алған екі ұл бала Астанаға жеткізілген болатын.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Бестерек ауылында болған. 55 жастағы Toyota жүргізушісі үйдің қақпасы алдында тұрған балаларды қағып кеткен. Оқиға салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Күдікті жүргізуші екі айға қамауға алынды, тергеу жалғасуда.