Шығыс Қазақстан облысында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржы Мониторинг Агенттігі хабарлады. Заңсыз әрекет Ұлан ауданы, Шыбынды өзенінің бойында болған. Күдіктілер лицензиясыз 2 жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. Салдарынан экологиялық залал 300 млн теңгеден асқан. Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді. Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Ал тергеу жалғасуда.

Темірлан Нұрсолтан