Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Үш экипаж мүшесі бар қорғаныс министрлігінің техникасы Луговой елді мекенінен шығып, Отар ауылының маңайында көзден ғайып болған. Қазір борттағы мамандармен байланыс үзілген. Жерде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іске барлығы 100-ден астам адам мен 15 техника және дрондар жұмылдырылды. Қазір, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Министрліктің хабарлауынша, ізім-ғайым жоғалған техника жаңа ЕС-145 үлгісіндегі тікұшақ.

Алдияр Айтбай