Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін береді. Ол – ТМД елінен осы сахнада өнер көрсететін алғашқы әнші, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Димаш Құдайберген Instagram желіcіндегі парақшасында "STRANGER" атты жеке концертін өткізетінін жариялады.
Өнер жұлдызының концерті 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтеді.
"Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.
2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", — делінген желідегі хабарландыруда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)