Алматыда 24 мамыр күні өткен Қайрат Нұртастың ауқымды концертінде көрермендерді ерекше әсер қалдырды, деп хабарлайы Sn.kz ақпарат порталы.

Almaty Arena-да өткен кешке мыңдаған тыңдарман жиналып, Қайрат Нұртас өзінің танымал хиттерін орындады. Концерттің басты тосынсыйларының бірі ретінде украиналық әнші Loboda да өнер көрсетті.

Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше ықыласына ие болған сәт – Қайрат Нұртас пен қызы Алаудың бірге ән айтуы болды. Әкесімен бірге сахнаға шыққан Алау ән орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Желідегі видеоларда жанкүйерлер бұл сәтті “кештің ең әсерлі бөлігі” деп бағалаған.

Концерттен кейін әлеуметтік желілерде кештен түсірілген видеолар мен пікірлер кеңінен тарады. Көпшілік концерттің атмосферасын, жанды дауысты және шоу бағдарламасын жоғары бағалады.

@kn_solo_concert

Өрс өрс өрс

♬ оригинальный звук — KN Solo Concert

Related to this topic: