Енді Қазақстанға келген шетелдік туристер шекарадан өткен кезде QR-коды бар туристік карта алады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік инфрақұрылымды дамыту шараларының бір бөлігі. Бүгінде ол Астана мен Алматы әуежайында және Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бекетінде беріледі. QR-код арқылы туристер ең қажетті ақпаратты ала алады.
Мәселен, 102 қосымшасын жүктеу жөніндегі нұсқаулық, тіркеу және көші-қон ережелері бойынша жадынама, такси сервистері мен орташа бағасы көрсетілген қосымшалар тізімі, ұялы байланыс операторлары мен SIM-карталар бағасы туралы мәліметтерді білуге болады. Бұдан бөлек шетелдік азаматтардың жайлылығы үшін safetravel.kz мобильді сайты іске қосылды.
Шерхан Жамбылұлы