Маңғыстауда жерге төгіліп жатқан мұнай қалдықтарының бейнежазбасы тарады. Оқиға Бейнеу ауданы Боранқұл ауылына қарасты аумақта болған. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, ол жерде «ECSAD» компаниясы мұнай қалдықтарын өңдеумен айналысады. Мекеме 2021-жылы экологиялық сараптамадан өтіп, департаменттен рұқсат алған. Технологиялық процесс бойынша қазылған жерге бірінші плёнка, содан кейін өзінің топырағы төселуі керек, — дейді мамандар. Желіде тараған байнежазба бойынша, экологтар аталған компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізбек.

Армат Жүсіпқалиев, облыстық Экологиялық департаментінің басшысы:

Бұл жерде топырақтың ластануы мүмкін. Әрине шыны керек өндіріс болғаннан кейін мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Оны ертең жоспардан тыс тексеру кезінде анықтайтын боламыз. Анықталған жағдайда әрине өзіміздің тарапымыздан, Қазақстан экологиялық кодексіне сәйкес, өзінің баптарымен айыппұл төлейтін болады.

Аягөз Оралбайқызы