Польша Германиямен шекарада бақылау орнатты.

Шешім заңсыз мигранттар ағынына тосқауыл қою үшін қабылданды. Бұл туралы Польша премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеді. Шара бір айға созылады. Осы уақыт ішінде елге кіріп шығатын автобустар мен көліктер қатаң тексеріледі. Еурокомиссия поляк билігінің шенген ішінде шекаралық бақылау орнату құқығын растады. Былтыр қыркүйекте Германия алты ай бойы барлық шекарада уақытша бақылау енгізіп, босқындарды елден шығару операциясын жүргізді. Жалпы Германия мен Польша арасындағы шекара визасыз Шенген аймағына кіреді. Бұл мигранттарға бұл жерден жұмыс немесе демалыс үшін кедергісіз өтуге мүмкіндік береді.